Құрметті клиенттер мен серіктестер!
Қазақстан Республикасында COVID-19 вирусының таралуын болдырмау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда, осыған байланысты 2020 жылдың 16 наурызында төтенше жағдай енгізілді, ал 2020 жылдың 19 наурызынан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантиндік шаралар қабылдануда.
Қазіргі жағдайға қарамастан, «Астық Транс» АҚ астық жүктерін тасымалдау бойынша тұрақты жұмысты жалғастыруда.
Қолайлы жұмыс жағдайларын қамтамасыз ету және жүктерді тасымалдауды тоқтату қаупін болдырмау үшін біздің компания төтенше жағдайдағы жұмысқа дайындалу үшін барлық қажетті шараларды қабылдады. Барлық қызметтер, оның ішінде клиенттердің менеджерлері мен диспетчерлер, тасымалдауды үздіксіз ұйымдастыру үшін жартылай қашықтықтан жұмыс істейді.
«Астық Транс» АҚ астық жүктерін тасымалдауды қамтамасыз етуге бар күшін салады және бұл шара біздің компанияның қызметтерін ұйымдастырудың сапасына әсер етпеуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.
Құрметпен,
«Астық Транс» АҚ