Құрметті клиенттер мен серіктестер!
«Астық Транс» акционерлік қоғамы (бұдан әрі — Қоғам) осымен Сізді төмендегілер туралы хабардар етеді:
Сіздерге белгілі болғандай, Қоғам жүк тиеу/түсіру станцияларында Қоғамның жылжымалы құрамының нормативтен тыс тұрып қалуына жол беру бөлігінде көліктік экспедиция шартының 4.2.16 т.тиісті дәрежеде орындамауына қатысты клиенттермен тұрақты негізде талап қою жұмыстарын жүргізеді.
Алдағы уақытта 2019-2020 жылғы астық маусымы мен экспорттық, сондай-ақ республикаішілік бағыттарда темір жол тасымалының басталуына байланысты, Қоғам 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап тиеу/түсіру бойынша вагондардың нормативтен тыс бос тұрғаны үшін айыппұл санкцияларын өндіріп алу бойынша кінәрат жұмысын қайта бастайды.
Барлық сұрақтар бойынша Сізге бекітілген менеджерлерге хабарласуларыңызды сұраймыз.
Аса құрметпен, «Астық Транс» АҚ.