АО «Астық Транс» компаниясының Президенті Елюбаев Санжар Бахытұлының кенеттен қайтыс болғаны туралы терең қайғымен хабарлаймыз
Ол 51 жасқа қараған шағында, кенеттен, жедел жүрек жеткіліксіздігі салдарынан өмірден өтті.
Бұл — марқұмның туған-туыстары мен жақындары, бүкіл ұжым, серіктестер және оны танып, бірге қызмет атқарған барша жандар үшін орны толмас ауыр қайғы. Санжар Бахытұлы компаниямыздың дамуына өлшеусіз үлес қосып, әрдайым адамгершілігі биік, үлкен әріппен жазылатын Адам болып қала береді. Ол жай ғана басшы емес, дарынды, парасатты әрі көреген Лидер еді. Оған жоғары жауапкершілік, принципшілдік және адамдарға деген шынайы қамқорлық тән болды. Оны құрметтеді, оған сенді, соңынан ерді. Ол адамдарды қолдап, шабыттандырып, ортақ құндылықтар мен мақсаттар төңірегінде біріктіре білді.
Оның басшылығымен компания қарқынды дамып, нығайып, болашаққа сеніммен қадам басты. Кәсібилігі, стратегиялық ойлауы мен жоғары адамгершілік қасиеттерімен әріптестері мен серіктестерінің терең құрметі мен сеніміне ие болды.
Санжар Бахытұлы тек «Астық Транс» АҚ-ның ғана емес, жалпы Қазақстанның көлік және астық салаларының дамуына да елеулі үлес қосты. Ол «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ жүйесінде басшылық қызметтер атқарып, «Қазақстанның Астық одағы» және «Қазақстан Ұлттық экспедиторлар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестіктерінің белсенді мүшесі болды.
Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Елюбаев С.Б. «Құрмет» орденімен, сондай-ақ «Қазақстан темір жолына 110 жыл» және «Ресей темір жолдары» ААҚ-ның естелік белгілерімен марапатталған.
Жақын адамыңнан айырылу — әрдайым ең ауыр қайғы, оны қабылдау өте қиын. Осы қиын сәтте туған-туыстары мен жақындарын жарқын естеліктер жұбатары сөзсіз.
Санжар Бахытұлының кенеттен өмірден өтуі әріптестері мен қызметкерлері үшін ауыр соққы болды. Оның жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады. Біз марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыра отырып, шынайы көңіл айтамыз.

Теміржол тасымалы саласындағы компания жаңалықтары
19 желтоқсан 2025
Қазақстандағы астық логистикасы мен теміржол тасымалы саласындағы салалық жаңалықтар
«Астық Транс» компаниясының астық логистикасы мен теміржол тасымалы саласындағы қызметі туралы бейнематериалдар
12 қараша 2025
3 қараша 2025
БАҚ біз туралы - «Астық Транс» компаниясы туралы жарияланымдар.
16 қыркүйек 2025
Пікірлер мен марапаттар
«Астық Транс» АҚ — Қазақстандағы астықты теміржол арқылы тасымалдаудың жетекші операторы
«Астық Транс» акционерлік қоғамы
«Астық Транс» АҚ басқаруындағы жалпы вагон паркі шамамен 5000 астық тасығыш вагондарды құрайды, бұл жылына 5,5 млн.тонна астық тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте қоғамның Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің астықты темір жолмен тасымалдауға өсіп келе жатқан қажеттілігін қамтамасыз ету үшін вагондардың қосымша паркін тарта отырып, өндірістік қуаттарды ұлғайтуға мүмкіндігі бар. «Астық Транс» АҚ астық жүктерін бағдарлау технологиясын қолдана отырып мультимодальді тасымалдауды келешектегі міндеті ретінде ұстанады.
Партнеры
Біздің клиенттер
«Астық Транс» мобильді қосымшасы
- Қазақстандық астық жүктерін республикалық және халықаралық қатынастарда тасымалдау-экспедиторлық қызметтер
- Жүктерді тасымалдау бойынша уақтылы вагондармен қамтамасыз ету, сапалы және жедел қызметтер көрсету
- Барлық тасымалдау бағыттары бойынша жүктерді экспедиторлау
- Теміржол тасымалы тарифтерін есептеу
- Жүктің барлық кезеңдердегі қозғалысын бақылау
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «РЖД» ААҚ және басқа да теміржол әкімшіліктерімен тасымалдау қызметтері бойынша өзара есеп айырысу
- Жүк тасымалына байланысты басқа да қызметтер
Жедел желi
Құрметті клиент, Сіз Әдеп кодексінің кез келген бұзушылықтары, соның ішінде сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік және әдепке сай емес мінез-құлық фактілері туралы хабарлай аласыз. Қоғам өтінішті қарау барысында құпиялылық пен анонимділікті қамтамасыз етеді.
Бұл байланыс тек бұзушылықтар туралы өтініштерді қабылдауға арналған. Операциялық мәселелер бойынша, оның ішінде көліктік-логистикалық қызмет және өтінімдерді беру мәселелері бойынша түсініктемелер мен кеңестер алу үшін өзіңізге бекітілген менеджерге жүгінуіңізді сұраймыз. Менеджерлердің байланыс телефондары Қоғамның сайтындағы «Клиенттерге», «Байланыс ақпараты» бөлімдерінде орналастырылған.