Көлік экспедициясы келісім-шартын жасасуға арналған құжаттар тізімі
- Компания Басқарушысының коммерциялық жұмыс жөніндегі Вице-президентінің атына жолданған Көлік экспедициясы келісім-шартына қол қою туралы хаттың түрлі-түсті сканерленген көшірмесі (үлгі қоса берілген);
- MS Word форматындағы компанияның деректемелері (нысан қоса берілген);
- Компанияның барлық өзгерістерімен қолданыстағы Жарғысының түрлі-түсті сканерленген көшірмесі;
- Бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрықтың түрлі-түсті сканерленген көшірмесі;
- Egov.kz-тен заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтама.

