«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 2026 жылғы науқан аясында жаздық дақылдар егістіктерін құрғақшылық тәуекелінен сақтандыруды субсидиялау бойынша өтінімдер қабылдауды жалғастыруда. Бағдарлама шарттарына сәйкес сақтандыру сыйақысының 80%-ы мемлекеттік қаражат есебінен өтеледі, ал қалған 20%-ын ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші төлейді.Сақтандыру қорғауы суарылмайтын жерлерге, вегетацияның 2 және 3 фазаларына қолданылады. Өтінім беру мерзімдері өңірлік ерекшеліктерге сәйкес белгіленген.
Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстары үшін дәнді дақылдар бойынша өтінімдер 2026 жылғы 1 сәуірге дейін, майлы дақылдар бойынша 15 сәуірге дейін қабылданады.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары және Жетісу облысының аграршылары үшін дәнді және майлы дақылдар бойынша өтінім беру мерзімі 2026 жылғы 3 наурызға дейін ұзартылды.
Сақтандыру рәсімі Kezekte.kz платформасындағы АӨК сақтандырудың онлайн-жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Жеке кабинетте фермер сақтандырылатын алқаптарды көрсетіп, сақтандыру компаниясын таңдап, келісімшарт жасайды және сақтандыру сыйақысының 20%-ын төлейді. Қалған сома мемлекет тарапынан субсидия ретінде сақтандырушыға аударылады.
Бағдарламаны іске асыру ықтимал құрғақшылық жағдайында ауыл шаруашылығы өндірушілерінің тәуекелдерін азайтуға және жаздық дақылдар өндірісінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Дереккөз: https://agrosearch.kz/kk/news/akk-prodolzaet-subsidirovanie-straxovaniya-posevov-yarovyx-kultur

