Маңғыстау облысында алғаш рет күздік бидай өсіру қолға алынды. Пилоттық жоба аясында Маңғыстау ауданында қазірдің өзінде 300 гектар жерге егін егілді. Бұл туралы өңір әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.Жоба Шайыр ауылдық округіне қарасты Тасмұрын жерінде жүзеге асырылуда. «Мақсат» шаруа қожалығына картоп пен бидай өсіру үшін 2 мың гектар жер учаскесі үш жыл мерзімге жалға берілген.
Биыл аграршылар 300 гектар жерді өңдеп, жыртып, топырағын дайындағаннан кейін күздік бидай себуге кірісті. Дала жұмыстарына шаруашылық тракторлар, соқалар, сепкіштер мен комбайндарды пайдаланады. Мұнда 15 адам еңбек етеді.
Жоспарланған өнімділік гектарына 15–20 центнер деңгейінде. Егілген алқаптан 450–600 тонна астық жинау көзделіп отыр.
Дереккөз: https://eldala.kz/kz/novosti/kazahstan/25953-ozimuyu-pshenicu-vpervye-poseyali-v-mangistauskoy-oblasti

