Қазақстанның көлік-логистика саласын дамытуға өмірін арнаған кәсіпқой Санжар Бақытұлы Елубаевтың мезгілсіз қайтыс болғаны туралы терең өкінішпен хабарлаймыз.
Санжар Бақытұлы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бөлімшелерінің, оның ішінде «Қазтеміртранс», KTZ Express және «Астық Транс» сияқты бейінді компанияларда менеджерден ҚТЖ вице-президентіне дейінгі еңбек жолынан өтті. Оның стратегиялық ойлауы, көшбасшылығы мен іске берілгендігі Қазақстанның еуразиялық кеңістіктегі маңызды логистикалық хаб ретінде қалыптасуында шешуші рөл атқарды.
Ол теміржол саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденіне және өзге де марапаттарға ие болды. Оның жарқын бейнесі әріптестерінің, достарының және оны ар-намыс пен істің адамы ретінде білетіндердің жүрегінде мәңгі қалады.
Дереккөз: https://t.me/railways_kz/12139

