26 қазанда «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының алаңында (Шымкент қ.) Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ұн тарту кәсіпорындарымен кеңес өтті. Кеңеске «Астық Транс» АҚ-ның коммерциялық жұмыс жөніндегі Вице-президенті Қуанышев Жандос «Астық жүктерін ішкі бағыттарда тасымалдау аспектілері» тақырыбындағы баяндамамен қатысты.
Өз баяндамасында ол дәнді дақылдарды ішкі бағыттарда тасымалдаудың төмендеу серпінін атап өтті, бұл 2021 жылы ішкі тасымалдардың ең үлкен-деңгейде төмендеуі болып табылады (2021 жылдың 8 айы бойынша деректерге сәйкес). Төмендеу бірінші кезекте Қазақстанның батыс және шығыс өңірлерінің автомобиль тасымалдарына көшуіне байланысты. 2021 жылы Қазақстанда өнеркәсіптік (PPI) және тұтынушылық (CPI) инфляция қарқыны шетелдік сарапшылардың деректері бойынша 48% — ды құрайды және әлемдегі ең жоғарғы болып табылады. 2019 жылдан бастап тұрақты өсу серпіні байқалатын «Астық Транс» АҚ Астық тасығыштар паркін жөндеуге арналған шығыстар да тасымалдар бағасын белгілеуге ықпал ететін маңызды фактор болып табылады.
Өнеркәсіптік инфляцияның өсуіне, әлемдік нарықтарда металл құнының 2 есеге жуық артуына, Жанар-жағармай материалдары, жөндеу және басқа да шығыстар құнының ұлғаюына қарамастан, «Астық Транс» АҚ 2021 жылдың соңына дейін ішкі тасымалдарға арналған төмен мөлшерлемелерді сақтайды.