3 жыл ішінде «Астық Транс» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ (бұдан әрі – ҚТЖ) бірлесіп тиеу орындарынан межелі станцияларға дейін маршруттау жобасын енгізді. Маршруттарды бір жүк жөнелтуші бір немесе бірнеше жақын станциялардан бір жүк алушының мекен-жайына жібереді. Жүру жолында өзгерістерді қажет етпейтін бір құрам қалыптасады, бұл жеткізу мерзімін едәуір жеделдетеді. Бұл бірінші кезекте «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға тиімді, себебі жүктің жүру жылдамдығы артады, құрамды қалыптастыру бойынша артық жұмыстар алынып тасталады, техникалық станцияларда тоқтап қалмау себебінен жүктердің жүру жолында сақталуы қамтамасыз етіледі. ҚТЖ үшін маршруттық жөнелтімдерді қолданудың ең басты артықшылығы – инфрақұрылымды түсіру. 2022 және 2023 жылдары негізінен экспорттық бағытта 800 ден астам маршрут жіберілді.
Нарық қатысушылары үшін жаппай маршруттау жол жүру уақытын едәуір қысқартты, астық тасымалдаушылардың бір санымен көп жүк тасымалданған кезде тиеу ресурсын ұлғайтты.
Маршруттаудың арқасында айналымды орташа жылдық көрсеткіштерде ұстап тұруға мүмкіндік туды, ал жалғыз ішкі тасымалдар жүру жылдамдығы регламентін 2 есеге дейін сақтамауға жол берді.
Вагон экспедиторлары маршруттау арқылы вагондарды ұсыну құнын ішкі тасымалдау және экспорт үшін нарықтық құннан төмен деңгейде ұстады.
Бүгінгі күні Тасымалдаушының осы келісімдерді біржақты қайта қарауының нәтижесінде жүк тиеу пункттерінен маршруттық жөнелтілімдерді ұйымдастыру жобасы өз қызметін тоқтатады..
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша қозғалыс жылдамдығына талдау жүргізілетін болады, ол болжам бойынша ЖТҚ сәйкес жүру жылдамдығынан төмен болады және бүкіл нарыққа әсер ететін объективті себептер бойынша Қоғам, басқа экспедиторлар мен вагон операторлары сияқты, қызмет көрсету құнын индекстеу мәселесін қарайтын болады.
Бұл ретте, Қоғам басқа вагон операторларымен және «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ұлттық Тасымалдаушысымен бірлесіп, 2023-2024ж.ж. басталған маусымында астықты үздіксіз әкетуді қамтамасыз ету үшін қажетті маршруттық жөнелтімдерді ұйымдастыруды қайта бастауды талқылауға дайын екенін атап өтеміз.