Құрметті клиенттер мен серіктестер!
«Астық Транс» АҚ Сізге 2018 жылғы 28 қыркүйекте сағат 14:00 — де қоғамдық кеңестің кезекті отырысын шақырылуы туралы хабарлайды және барлық мүдделі тараптарға оның жұмысына қатысуды ұсынады.
Қоғамдық кеңестің отырысына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ басшылары, мемлекеттік және бақылау органдарының өкілдері, ірі қазақстандық астық өндірушілері мен астық трейдерлері және басқа да уәкілетті тұлғалар қатысады.
Іс-шара барысында 2018-2018 жж. маусымының жаңа астық және майлы дақылдарды тасымалдауға дайындықпен, астық және майлы дақылдарды өндіру, сату және өңдеу саласындағы мемлекеттік саясатпен, сондай-ақ астық жүктерін тасымалдау және логистикамен байланысты бірқатар мәселелер талқыланатын болады.
Өткізу орны:
Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 6, «Radisson Hotel-Astana» қонақ үйінің «Сарыарқа» конференц — залы. Өткізу уақыты сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін.
Байланыс телефоны +7 (7172) 722-907 (ішкі. 151, 152, 171)