Алдыңғы айларда Орталық Азия елдеріне белсенді тасымалдау сатып алушыларда астықтың артық болуына әкеліп соқтырды, бұл ақпан айында сұраныстың біркелкі болмауына және Қоғам Клиенттерінің бір бөлігінде айдың бірінші жартысында мәлімделген тасымалдардан бас тартуға себеп болды. Ақпан айының соңғы онкүндігіне ауыстырылған өтінімдердің үлкен пулын толық көлемде орындау мүмкін емес. Тасымалдауды алдын ала жоспарлаудың болмауы және оңтүстік бағыттың бірінде «тартықтың» туындауы жағдайды қиындатып отыр.
Жоғарыда аталған факторларға байланысты Қоғам ақпан айындағы өтінімдердің бір бөлігі наурыз айына ауыстырылатынын хабарлайды.