Клиенттермен және серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және одан әрі дамыту мақсатында, «Астық Транс» АҚ (бұдан әрі — Қоғам) жүк, ағынын ұлғайту және көрсетілетін қызметтерді одан әрі жақсарту үшін төмендегілер туралы хабарлайды:
— 2021 жылғы 01 мамырдан бастап 10 мамырға дейін (қоса алғанда) демалыс және мереке күндері вагондарды тиеу және ресімдеу кезінде қоғам жүктің түріне, тасымалдау бағытына және вагонның жүкөтергіштігіне байланысты вагонға 15 000 теңгеден бастап 40 000 теңгеге дейінгі мөлшерде экспорттық және республикаішілік қатынастарда жеңілдіктер беруді қамтамасыз етеді.
— тарифтік мөлшерлеменің құны есепті кезең жабылған кезде түзетілетін болады.
Сізді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша сізге бекітілген менеджерлерге хабарласуыңызды сұраймыз.
Құрметпен,
«Астық Транс"АҚ
ДЕМАЛЫС ЖӘНЕ МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ВАГОНДАРДЫ ТИЕУ КЕЗІНДЕ ТАСЫМАЛДАУ ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУ
Источник: https://www.astyktrans.kz/