Құрметті клиенттер мен серіктестер!
Қыркүйек айына өтінімдерді көптеген клиенттер астық экспортын квоталаудың күшін жоюды күтіп берді. Іс жүзінде ауыл шаруашылығы Министрінің квотаны алып тастау туралы бұйрығы 2022 жылдың 14 қыркүйегінен бастап күшіне ене бастады, жөнелту құжаттарын ресімдеу үшін қажетті кезеңді, сондай-ақ орташа тәуліктік тиеудің техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, қыркүйек айындағы өтінімдердің бір бөлігін тиеу мерзімі кейінге қалдырылды.Қоғам қыркүйекте орындалмаған өтінімдер қазан айына ауыстырылатынын хабарлайды.
Сондай-ақ, Қоғам қазан айында жүк тиеуге өтінімдер қабылдады.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты клиенттерден қазан айындағы барлық қосымша тиеу жоспарларын түзетуді сұраймыз.