«Астық Транс» АҚ компанияның тарифтік комиссиясы алдағы астық тасымалдау маусымын және жазғы кезеңде маусымдық төмендегеннен кейін вагондарды беру құнын түзету қажеттігін ескере отырып, сондай-ақ қосалқы бөлшектер бағасының тұрақты, еселік ұлғаюы жағдайында вагондар паркін жөндеу мен күтіп ұстау өзіндік құнының өсуін назарға ала отырып, 2019 жылғы 01 қыркүйектен бастап экспорттық және ішкі қатынастарда астық тасушы вагондарды беру құнын маусымдық көтеру туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.
Айта кету керек, 2019 жылдың сәуір және мамыр айларында бағыт бойынша астық тасымалдау вагондарын ұсыну құны орташа есеппен 40%-ға дейін төмендеді. Бұл ретте, компания астық тасымалдаушы вагондардың қызмет ету мерзімін ұзарта отырып, жаңаларын сатып алуға және күрделі жөндеуді жүзеге асыруға инвестиция салуды жалғастыруда. Құнды түзету өнеркәсіптік инфляция шегінен жоғары емес жүзеге асырылатын болады. Айта кетейік, 2018 жылдың ортасынан бастап жөндеу құны 60% — ға, бөлшектер мен доңғалақ жұптары бөлігінде 105-110%-ға артты.