«Астық Транс» акционерлік қоғамы (бұдан әрі — Қоғам) Сіздерді төмендегілер туралы хабардар етеді.
Күрделі ауа-райы жағдайларына және вагондардың тиеу орындарында тұрып қалуының ұлғаюына байланысты, тасымалдау көлемін арттыру мақсатында, 2020 жылғы 01 қаңтардан бастап 31 қаңтарға дейінгі кезеңде тиелген вагондарға Қоғам 2020 жылы тиеу станцияларында вагондардың нормативтен тыс тұрып қалғаны үшін айыппұл өндіріп алмайды, ал түсіру станцияларында айыппұл санкциялары екі есе төмендетіледі және тәулігіне 7000 теңгені құрайды.
Бұл ретте, қысқы кезеңде қолайсыз ауа-райы жағдайларына байланысты кемелердің Ақтау портына уақытында қойылмауына байланысты вагондардың тоқтап қалуын ескере отырып, 2020 жылғы 01 қаңтардан 2020 жылғы 31 қаңтарға дейінгі кезеңде тиелген вагондарға қоғам, Ақтау-порт және, Ақтау-порт түсіру станцияларында вагондардың нормативтен тыс тұрып қалғаны үшін тұрақсыздық айыбын есептемейді (тасым., пайд.).
Барлық сұрақтар бойынша Сізге бекітілген менеджерлерге хабарласуларыңызды сұраймыз.
Құрметпен,
«Астық Транс» АҚ