«Астық Транс» АҚ клиенттермен және серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және одан әрі дамыту мақсатында, жүк, ағынын арттыру және көрсетілетін қызметтерді одан әрі жақсарту үшін өзара қарым-қатынастардың келесі схемасын қарауды ұсынады:
2019 жылғы 10 мамырдан бастап 31 тамызға дейінгі кезеңде тек қана «Астық Транс» АҚ паркінде, Клиенттің жеке вагондарын есепке алмағанда, вагондарға кепілді тапсырыс беру кезінде қоғам, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде клиент жазғы мезгілге тапсырыс берген вагондардың 1,3 есе көлемде кепілді берілуін қамтамасыз етеді.
Мүдделі болған жағдайда, Сізге қолданыстағы көлік экспедициясы шартына тиісті қосымша келісім жасау қажет болады.
Барлық сұрақтар бойынша Сізге бекітілген менеджерлерге хабарласуларыңызды сұраймыз.